Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеткіліктілік шегін өзгерту туралы қаулы жобасы жарияланды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алып қоюдың жеткіліктілік шегін өзгерту туралы Үкімет қаулысының жобасын дайындады. Құжат жобасы қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

НҚА порталында жарияланған құжатқа сәйкес, 2021 жылдың қаңтарында қабылданған Үкімет қаулысына зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алудың ең төменгі шекті шегіне қатысты өзгерістер енгізіледі.

"Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесіне сәйкес есептелген 2021 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегі 2022 жылғы 1 сәуірге дейін қолданылады деп белгіленсін", – делінген құжатта.

Негіздемеде қаулының "Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілігінің шекті мәнін айқындау әдістемесіне сәйкес 2022 жылға есептелген зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілігінің шекті мәнін енгізуді кейінге қалдыру мақсатында" қабылданғаны атап көрсетілген.

Құжатты қоғамдық талқылау 27 желтоқсанға дейін жалғасады. Қазақстандықтар құжат жобасы бойынша өз пікірлерін немесе ұсыныстарын осында қалдыра алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946336-zetkiliktilik-segin-ozgertu-turaly-qauly-zobasy-zariyalandy/

pixel