Америкалық отбасы асырап алған қыз Қазақстаннан туған әкесін іздейді

Опубликовано:

қыз1
Көрнекі фото: pixabay.com

Америкалық отбасы асырап алған Элизабет Азиз Қазақстаннан туған әкесін іздейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Редакцияға жүгінген Элизабет Азиздің айтуынша, туған анасын тапқан. Бірақ, ол биологиялық әкесіне қатысты жан-жақты ақпарат бермеген. Сонымен қатар ол туған анасын қалай тауып алғанын айтып берді.

"Instagram-нан аты-жөні бірдей адамнан сұраныс келгенін көріп, оған хат жаздым", - деді ол. Енді Элизабет Азиз туған әкесіне іздеу салып отыр.

"Өздеріңіз білетіндей, анамды таптым. Енді биологиялық әкемді немесе оның отбасын табуға тырысып жүрмін. Менің құжаттарымда оның аты-жөні Жасұлан Тілеуов деп жазылған. Бұл оның шын аты екендігіне сенімсізбін. Оның 2003 жылы Ақтөбе қаласында тұрғанын білемін. Сол уақыттарда оның жасы шамамен 16 не 18-де болғанынан және орта мектепті бітіргеннен кейін әскерге кеткенінен хабарым бар.

Маған оның апат салдарынан қайтыс болғанын айтты. Шын-өтірігін білмеймін. Оның ұзын бойлы, келбеті орысқа ұқсайтындығын да айтып берді. Балалар үйінен оның татар болуы мүмкін екендігі туралы болжам айтылады.

Қолымда бар ақпарат осы ғана", - деді Элизабет Азия агенттік тілшісіне. Қазіргі уақытта бойжеткен АҚШ-та тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946339-amerikalyq-otbasy-asyrap-algan-qyz-qazaqstannan-tugan-akesin-izdeidi/