Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы COVID-19 жұқтырған медбикеге 2 млн теңге төлейтін болды

Опубликовано:

Кәукер Досова
Кәукер Досова. Фото: tobolinfo.kz

Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы коронавируспен ауырған медбикеге 2 млн теңге төлеуге міндеттелді. Мұндай шешімді өңірдегі мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шығарды, деп хабарлайды "ТоболИнфо".

Басылымның жазуынша, Кәукер Досованың денсаулық сақтау басқармасына қарсы талап арызы қанағаттандырылған.

Медицина қызметкерінің құжаттарын комиссияға жібермеген ведомствоның әрекетін сот заңсыз деп таныған.

Енді басқарма медбикеге 2 млн теңге, сондай-ақ қосымша өкілдік шығындары үшін тағы 150 мың теңге төлеуі тиіс.

Белгілі болғандай, 2020 жылғы шілде айында коронавируспен ауырғандарды емдеген фтизиопульмонология орталығығының аға медбикесі Кәукер Досова инфекция жұқтырып алған. Алайда ведомство өтініш берілсе де, тиісті төлемді төлемеген.

Сондай-ақ, судья денсаулық сақтау басқармасына жіберілген заң бұзушылықтарға байланысты жеке ұйғарым шығарды. Ол тәртіптік шара қолдану үшін Қостанай облысы әкіміне жолданған.

Сол бойынша есеп бір ай ішінде сотқа жіберілуі керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946359-qostanai-oblysynyn-densaulyq-saqtau-basqamasy-covid-19-zuqtyrgan-medbikege-2-mln-tenge-toleitin-boldy/

pixel