Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар тұрғыны өзіне несие беруін талап етіп, жанжал шығарған

Опубликовано:

маман
Көрнекі фото: pxhere.com

Павлодарда тәртіп сақшыларына қаржы ұйымдарының бірінің қызметкерінен қоңырау түскен. Ол несие берілмегені үшін жанжал шығарған ер адамға шағымданған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоңырау шалған қызметкердің сөзінше, қаржы ұйымына келген ер адам жұмыс істеуге кедергі келтіріп, ғимараттан шығу туралы өтінішке құлақ аспай, жанжал шығарған.

Оқиға орнына дереу тәртіп сақшылары жеткен. Анықталғандай, Павлодар тұрғыны қымбат телефон алу үшін қаржы ұйымынан несие беруін талап еткен.

Клиент еш жерде жұмыс істеймейтіндіктен және оның өзге де төленбеген қарыздары болғандықтан қызметкерлер несие беруден бас тартқан.

Содан кейін ер адам айқайлап, қызметкерлердің жұмыс істеуіне кедергі жасап, өзге клиенттерді шошытқан. Полиция қызметкерлері келген соң ер адам сабырға келіп, мекемеден тез арада кетіп қалмақ болған.

Басылымның жазуынша, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ер адамға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Материалдар сотқа жолданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946370-pavlodar-turgyny-ozine-nesie-beruin-talap-etip-zanzal-sygargan/

pixel