БҚО тұрғыны ауданда перзентхана жоқтығына байланысты үйде босануға мәжбүр болған

Опубликовано:

Жүктілік
Көрнекі сурет: pixabay.com

БҚО тұрғыны аудан орталығында перзентхана жоқтығына байланысты сәбиін үйінде босануға мәжбүр болған, деп хабарлайды NewTimes.kz журналист Тамара Еслямованың Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Тамара Еслямованың мәліметінше, аудан орталығында тұратын әйел келінін өзі босандырғанын, себебі аудандық ауруханада босандыратын бөлім жоқ екенін айтқан. Нәресте салмағы 4.7 келі болып дүниеге келген.

Басылымның жазуынша, аурухана директоры аталған жайтты растаған. Оның сөзінше, оқиға 12 қараша күні болған. Ультрадыбыстық зерттеу оның құрсағындағы нәрестенің ірі екенін көрсеткен.

Одан бөлек, бұл келіншектің бесінші баласы болған.

"Әйел үшінші санатқа жатқандықтан, облыстық перинаталдық орталықта босануы керек еді. Қайда босанатынын біз шешпейміз. Бұл жүкті келіншек пен оның денсаулығына байланысты. 8 қарашадан 12 қарашаға дейін ол перинаталдық орталықта бақылауда болды, адан әрі айтолғақ деген диагноз қойылып, үйіне, қалаға жіберілді", - дейді аудандық аурухана басшысы.

Ол таңғы алтыда келіншектің толғағы басталғанын, медицина қызметкерлеріне тек 8:30-да жүгінгенін айта кетті. Келіншек сол уақытта босанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946374-bqo-turgyny-audanda-perzentxana-zoqtygyna-bailanysty-uide-bosanuga-mazbur-bolgan/