Жапония ғалымдары коронавирус жұқтырған адаммен байланысқанда жарқырайтын маска ойлап тапты

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Жапонияда Киото университетінің ғалымдары коронавирус жұқтырған адаммен қараңғыда жолыққан кезде жарқырайтын маска ойлап тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маска матасында түйеқұс жұмыртқасынан алынған антиденелерге ие флуоресцентті бояғыш бар.

Ақпан айында ғалымдар зертханадағы түйеқұстардың денесіне COVID-19-дың белсенді емес бөлшектерін енгізген. Нәтижесінде дәрігерлер құс жұмыртқаларынан көп мөлшерде антиденелер алған.

Ғалымдар алынған материал негізінде флуоресцентті бояумен өңделген қорғаныс сүзгісін жасап, оны маскаға салған. Егер вирус бөлшектерімен байланыс болса, маска ультракүлгін спектрде жарқырайды.

Жарқырайтын маскаларды сынауға коронавируспен ауыратын 32 науқас қатысқан. Олар таққан барлық маскалар ультракүлгін сәуленің астында жарқырап тұрған.

Уақыт өте келе вирус жүктемесі азайған кезде сәуле жоғалып кеткен. Қазір 150 адамның қатысуымен тағы эксперимент жасау үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946426-zaponiya-galymdary-koronavirus-zuqtyrgan-adammen-bailanysqanda-zarqyraityn-maska-oilap-tapty/