Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда "омикрон" штамына байланысты локдаун енгізіле ме

Опубликовано:

Тәжвирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Алматыда коронавирустың "омикрон" штамына байланысты локдаун енгізіле ме? Бұл сұраққа брифинг барысында Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жауап берді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Бекшиннің сөзінше, Алматыда қазір локдаун енгізуге еш себеп жоқ. Себебі, қалада эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

"Алматыда "омикрон" штамы тіркелген жоқ. Сондықтан бұл мәселе әзірге талқыланбайды. Алматыда қазір локдаун енгізуге ешқандай себеп жоқ. Себебі, қала "жасыл" аймақта. Аурушаңдық көп тіркеліп, қаламыз "қою қызыл" аймаққа өтсе ғана бұл мәселе талқыланатын болады", – дейді ол.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қалада 9 желтоқсан күні 55 адамнан коронавирус анықталған.

Ауруханада барлығы 225 адам, оның ішінде төрт бала емделіп жатыр.

Айта кетейік, 10 желтоқсандағы жағдай бойынша, "қызыл" аймақта бірде бір облыс тұрған жоқ.

"Сары" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары "жасыл" аймақта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946431-almatyda-omikron-stamyna-bailanysty-lokdaun-engizile-me/

pixel