Алматы облысында қатты жел салдарынан екі тас жол жабылды

Опубликовано:

Жолдағы көлік
Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін, 10 желтоқсанда Алматы облысында желдің күшеюіне байланысты екі облыстық маңызы бар тас жолда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ауа райының нашарлауына байланысты (қатты боран, шектеулі көріну) Республикалық маңызы бар "Үшарал-Достық" (84-184 км) автожолы барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылды.

"Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуға және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Алыс жолға шыққан кезде ауа райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз", – делінген ресми хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946450-almaty-oblysynda-qatty-zel-saldarynan-eki-tas-zol-zabyldy/