Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ревакцинация кезінде Ashyq-тағы "жасыл" мәртебенің сақталу мерзімі: санитар дәрігердің қаулысы жарияланды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Айжан Есмағамбетова ревакцинация туралы жаңа қаулыға қол қойды. Құжат денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың аяқталмаған курсы бар адамдар үшін "жасыл" мәртебесі вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін 21 күн бойы сақталады. Күнтізбелік 21 күн өткеннен кейін вакцинациялаудың екінші курсы болмаған жағдайда "жасыл" мәртебесі "көкке" ауыстырылады.

COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың аяқталған курсы бар адамдар үшін "жасыл" мәртебесі бір жыл бойы сақталады.

"COVID-19-ға қарсы ревакцинация алған адамдар үшін ревакцинация алған күннен бастап "жасыл" мәртебесі бір жыл бойы сақталады", – делінген ресми құжатта.

Қаулы 10 желтоқсаннан бастап күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946455-revakcinaciya-kezinde-ashyq-tagy-zasyl-martebenin-saqtalu-merzimi-sanitar-darigerdin-qaulysy-zariyalandy/

pixel