Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пойыз басқышына секіріп мінген": Алматылық жігіт Tik-Tok түсіремін деп басы дауға қалды

Опубликовано:

пойыз11
Көрнекі фото: pixabay.com

24 жастағы алматылық жігіт Шамалған станциясында Tik-Tok түсіремін деп жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

Ведомстоның мәліметінше, теміржол бойында рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Шамалған станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері 24 жастағы Алматы қаласының тұрғынын ұстаған.

"Ол танымал Tik-Tok желісі үшін жүріп бара жатқан пойыздың басқышына секіріп мініп, бейнероликтер түсірген", - дейді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев.

Бекеевтің айтуынша, жас жігіт ҚР ӘҚБтК-нің 560-бабының 1-бөлігі (Теміржол көлігі құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынған.

Полиция генерал-майорының сөзінше, "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу мақсатында 5-11 желтоқсан аралығында "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы өткен.

Оның барысында тәртіп сақшылары станциялар мен аралықтарда профилактикалық рейдтер жүргізген.

Жедел алдын алу іс-шарасы аясында 5 күнінде 28 қылмыс ашылып, 1192 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946467-poiyz-basqysyna-sekirip-mingen-almatylyq-zigit-tik-tok-tusiremin-dep-basy-dauga-qaldy/

pixel