Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келсем, балам құсып жатыр": Алматы облысында соққыға жығылған оқушы ауруханаға түсті

Опубликовано:

аурухана11
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында 10-сынып оқушысы миы шайқалып ауруханада жатыр. Анасының айтуынша, жоғарғы сыныптағы балалар ұлын соққыға жығып, ақша бопсаламақ болған. Полицияның дерегінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, оқиға Алматы облысы Есік қаласына қарасты Рахат ауылында кісі көп жүрмейтін көшелердің бірінде болған.

"Келсем, балам құсып жатыр. Есінен танып, беті көгерген, аузы қанаған. Жедел жәрдем шақырдық. Алып кетті. Сол жерде естідім, балалардың ұрғанын, ақша сұрағанын", - дейді жәбірленушінің анасы.

Қазір соққыға жығылған жасөспірім ауруханада жатыр. Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасының бөлім меңгерушісі Ахмед Даврешовтің айтуынша, бозбаланың миына зақым келген, беті, кеудесіндегі бұлшық еттері зақымдалған. Жақын күндері ол үйіне шығарылмақ.

Бұл оқиғаға қатысты пікір білдірген Алматы облысы полиция департаментінің дерегінше, оқиға 6 желтоқсан күні болған.

"Тексеру барысында оқиға сабақтан кейін сағат 13:30 шамасында 10, 11 сыныптарда оқитын екі оқушының арасында болғаны анықталды. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - дейді Алматы облысы полиция департаментінің өкілі Ернар Сайдильдин.

Телеарна бұл жайттан кейін мектеп директоры жұмысынан шеттетілгенін, ал тәрбие ісі жөніндегі орынбасары орнын босатқанын айта кетті. Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946470-kelsem-balam-qusyp-zatyr-almaty-oblysynda-soqqyga-zygylgan-oqusy-auruxanaga-tusti/

pixel