Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келін түсті": Сәкен Бибосынов 22 жастағы шымкенттік арумен бас қосты

Опубликовано:

Сәкен Бибосынов
Фото: Ашық дереккөз

Шымкентте бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосынов сүйіктісі Назира Бейсенованы ұзатып алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл жаңалықты әлеуметтік желіде боксшының өзі хабарлады.

Ұзату тойынан видео және фотоларды бөліскен спортшы өзінің бақытты екенін жеткізген.

Қалыңдықтың есімі - Назира. Оның 22 жаста екені ғана белгілі.

Айта кетелік, бұған дейін Сәкен Бибосынов өзінің үйленетінін мәлімдеген болатын. Ол сүйіктісімен бес жыл кездесіп жүргенін мәлімдеді.

Сәкен Бибосынов - бокстан 2019 жылғы әлем чемпионатының және Токио Олимпиадасының қола жүлдегері.

2021 жылы Сербияның Белград қаласында өткен әлем біріншілігінде ол 51 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды. Ол чемпионаттағы алғашқы жекпе-жегінде өзбекстандық Олимпиада чемпионы Хасанбай Досматовты таза жеңді.

Боксшы Өзбекстанда дүниеге келіп, кейін отбасымен бірге атажұрты Қазақстанға қоныс аударған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946478-kelin-tusti-saken-bibosynov-22-zastagy-symkenttik-arumen-bas-qosty/

pixel