Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте Өзбекәлі Жәнібековке композициялық мүсін қойылды

Опубликовано:

Өзбекәлі Жәнібеков
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің композициялық мүсінінің ашылу салтанаты және "Дара" атты фильмнің тұсаукесері өтті. 

Іс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Мархабат Байғұт, "Парасат" орденінің иегері Ханбибі Есенқарақызы, қоғам қайраткерінің ұрпақтары мен ғалымдар, тағы басқа зиялы қауым өкілдері қатысты.

ашылды11
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Композициялық мүсіннің қала орталығында бой көтеруіне ықпал еткен қала әкімі Мұрат Әйтенов құттықтау сөз сөйлеп, іс-шараның маңыздылығына тоқталып өтті. 

Мұрат Әйтенов мырза11
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің ұлт руханиятын көтерудегі орны айрықша. Ғалым-этнограф мәдениет министрлігінде жауапты қызмет атқарған жылдары елімізде 400-ге жуық археологиялық нысан қалпына келтірілгенін жақсы білеміз. Тарихымызды танып, руханиятымызды білуге үлкен өзгерістер жасалды. Бұл Өзбекәлі Жәнібековтің ұлт қайраткері, отаншыл азамат ретіндегі тұлғасын көрсетеді. Мемлекетіміздің маңызды тарихи белесі – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында ашылған бұл ескерткіш бүгінгі ұрпақтың ұлт азаматына көрсеткен зор құрметі деп білемін", – деді қала әкімі. 

Шымкент қаласының Орталық саябағына орнатылған шағын сәулет мүсіні Ө.Жәнібековтің 90 жылдық мерейтойына арналып отыр. Ондағы мақсат – ұлтымыздың ұлттық құндылықтарын, өмір салтымызды заманға сай одан әрі байытуда, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымыз арқылы жаңа ұрпақ тәрбиелеуде Ө.Жәнібековтің биік тұлғасын дәріптеу.

мүсін қойылды
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, Шымкент қаласының "Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында" қоғам қайраткерінің өмір жолын баяндайтын "Дара" атты деректі фильмнің тұсауы кесілді.

Фильмде қайраткердің өмірлік позициясы, ұлттық идеологияның негізін қалаудағы ой-пікір ұстанымы, қазақтың өмір-салты мен болмыс-бітімі, дүниетанымын түбегейлі зерттеп, қайта жаңғырту жолындағы ізденістері, т.б., көптеген еңбектері сараланады. 

Жиналған көпшілік фильмді тамашалап, "Әдет-ғұрып және салт дәстүр орталығының" жұмыс барысымен танысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946496-symkentte-ozbekali-zanibekovke-kompoziciyalyq-musin-qoiyldy/

pixel