jitsu gif

Маңғыстауда төртінші сынып оқушысы мектебіне 1 млн теңге тарту етті

Көрнекі фото
Көрнекі фото: Pixabay.com

Маңғыстауда республикалық әлеуметтік жобалар байқауында жүлделі Tболған мектеп оқушысы 1 млн теңге ұтып алып, бұл қаражатты өзі оқитын мектебіне тарту етті, деп хабарлайды Tumba.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мектеп оқушысы ағаштан математика сабағы кезінде қолданатын есептеуіш құрал ойлап тапқан. Сайөтес ауылында тұратын дарынды балаға бұл құралды жасауға атасы көмектесіпті. Байқауда аталған есептеуіш құралдың құнын 1 млн теңгеге бағалапты.

Тарту етілген сомаға мектеп интерактивті тақта мен гүлге арналған ыдыстар сатып алған. Жүлделі орын алған Азамат Тоқсанбай төрт жасынан бастап сандарды жатқа біледі. Ол қашықтықтан оқу кезінде дәл осындай құралды қағаздан жасап шыққан екен.

Мектеп оқушысы болашақта аталған құралды сатып, балаларға көмек көрсеткісі келетінін айтты.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.