Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Апалы-сіңлілі қыздарды өлтірген": 24 жыл іздеуде болған Қазақстан азаматы ұсталды

Опубликовано:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: Pixabay.com

Көші-қон қызметі қызметкерінің қырағылығының арқасында Ресейде апалы-сіңлілі қыздарды өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

"Полиция қызметкері Гүлстан Батталова Ресей аумағында апалы-сіңлілі екі қызды өлтірді деген күдікке ілінген 54 жастағы қазақстандықты анықтады. Полиция подполковнигі ер адамды азаматтықты анықтау бойынша құжат қабылдау кезінде танып қалған",- деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Ер адам тергеу органдарынан 24 жыл бойы жасырынған.

Полицияның мәліметінше, оқиға 1997 жылы наурызда Омбы қаласында орын алған. 30 жастағы (қылмыс жасаған кезде) ер адам жанжал кезінде шолақ мылтықтан 25 жастағы қыздың басына оқ атып, кейін оның 22 жастағы сіңлісін бірнеше жерден пышақтап тастаған. Екеуі де оқиға орнында көз жұмған. Ауыр қылмыс жасағаннан кейін ол тергеу органдарынан жасырынып, оған мемлекетаралық іздеу жарияланған болатын.

"Қазір іздеуге бастамашы болған – Омбы облысы бойынша Ресей ІІМБ-ге хабарландыру жолданды. Енді күдікті ауыр қылмысы үшін жауап береді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946517-apaly-sinlili-qyzdardy-oltirgen-24-zyl-izdeude-bolgan-qazaqstan-azamaty-ustaldy/

pixel