Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маньяк жүр": Атырауда мектеп ауласындағы ер адам оқушылардың зәресін ұшырды

Опубликовано:

Маньяк
Видеодан кадр: "Ақ Жайық" басылымы

10 желтоқсан күні Доссордағы мектеп-интернат оқушылары мектеп ауласында қолына тақтайға ұқсас зат ұстаған ер адамды көрген. Жасөспірімдер жартылай жалаңаш азаматты терезеден видеоға түсіріп алған, деп жазады "Ақ Жайық" басылымы.

Оған дейін полиция 36 жастағы ер адам Мақат ауданы Доссор поселкесіндегі айналма жолдың ортасында тұрған субұрқақты сындырып кеткені туралы хабарлаған болатын.

"Полиция қызметкерлерін көріп, мектеп-интернатының шарбағына қашып кірген оны сол жерде ұстап алған", - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінде.

Аталған азаматтың екінші топтағы мүгедек екені анықталды, бірақ мас болды ма, әлде психикалық ауытқушылық байқалды ма, нақты айтылған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946559-manyak-zur-atyrauda-mektep-aulasyndagy-er-adam-oqusylardyn-zaresin-usyrdy-video/

pixel