Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ғалам аруы - 2021" атағын 21 жастағы үндістандық ару жеңіп алды

Опубликовано:

Харнааз Сандху
Харнааз Сандху. Фото: MENAHEM KAHANA/AFP via Getty Images

21 жастағы үндістандық Харнааз Сандху "Ғалам аруы - 2021" сұлулық байқауының жеңімпазы атанды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Халықаралық байқаудың ұйымдастырушылары Twitter желісіндегі ресми парақшасында "Ғалам аруы - 2021" атағы Үндістан өкіліне бұйырғанын хабарлады.

Байқаудың финалы Израильде өткен. Іс-шараны америкалық жазушы Стив Харви жүргізген.

Харнааз Сандхуға тәжді бұрынғы жеңімпаз мексикалық Андреа Меса табыстады.

Екінші орын ОАР атынан сынға түскен аруға, үшінші орын Парагвай өкіліне бұйырды.

Биыл "Ғалам аруы" сұлулық байқауына әлемнің 80 елінен 80 бойжеткен қатысқан. Финал тікелей эфирден 170-тен астам мемлекетте көрсетілген.

Айта кетсек, Қазақстан атынан сынға түскен Азиза Тоқашева финалға дейін жете алмады, ол жартылай финалда өнер көрсетті.

Назарларыңызға байқау жеңімпазы Харнааз Сандхудың фотоларын ұсынамыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946613-galam-aruy-2021-atagyn-21-zastagy-undistandyq-aru-zenip-aldy-foto-video/

pixel