Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Басына Дінмұхаммед Қонаевтың бейнесін салдырған азамат желіде қызу талқыға түсті

Опубликовано:

Шаш
Видеодан кадр: instagram.com/qazaqpyz_goi

Әлеуметтік желіде басына мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Қонаевтың бейнесін салдырып алған азаматтың видеосы тарады. Бейнежазбаны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көпшіліктің қызу талқысына түскен видео Instagram желісіндегі "Қазақпыз ғой" парақшасында жарияланған.

"Қазақстандық Дінмұхаммед Қонаевтың бейнесін салдырып, шашын қиюға келді. Сіздерге қалай?", - деп жазады автор.

Видеоны көрген желі қолданушылары мұны белгілі тұлғаны мазақ ету деп санаса, бірі шаш үлгісі көңілден шыққанын жазған.

"Қазіргі жастарға сөз жоқ", "Бұл қазақ халқының ұлы тұлғаларын мазақ ету, мұның артында кім тұрғанын анықтау қажет", "Мына қылықтары дұрыс емес", "Бұл тым шектен шыққандық", "Басқа адам таппады ма?", "Мүлдем ұқсамайды", "Өте керемет", "Керемет", "Қызық екен", "Негізі керемет, мен қолдаймын. Бірақ шаш өсіп кетсе қалай болар екен", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946628-basyna-dinmuxammed-qonaevtyn-beinesin-saldyrgan-azamat-zeldi-qyzu-talyqga-tusti-video/

pixel