Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңбыр, қар аралас жауын: Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pxhere.com

Синоптиктер 14-16 желтоқсанда елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Мамандардың мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райын, Солтүстік-Батыс антициклоны айқындайтын болады.

Ол қысқа мерзімді температураның төмендеуіне және жауын-шашынның тоқтауына алып келмек.

"Республиканың оңтүстік өңірлері әлі де циклондардың фронтальды қызмет аймағында болады — мұнда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ құбылыстары мен тұман күтіледі. Алайда кезеңнің соңына қарай солтүстік-батыс антициклон осы өңірлерді де қамтиды, осыған байланысты мұнда да температураның төмендеуі және жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы болжанады" делінген хабарламада.

Сонымен қатар, синоптиктер мереке күндері еліміздің батысында Скандинавия аймақтарынан циклон шұңқыры әсер ете бастайтынын жеткізді. Осыған байланысты аталған аймақтарда жауын-шашын күтіледі және көктайғақ болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946665-zanbyr-qar-aralas-zauyn-elimizde-aldagy-kunderi-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel