Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Алматы қалай өзгерді

Опубликовано:

Алматы
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына еліміздің ең ірі мегаполисі ерекше дайындық жүргізуде. Айтулы датаға орай Алматының орталығындағы және барлық аудандарындағы алаңдар, даңғылдар мен көшелер көркем түрде жарықтандырылып, мемлекеттік рәмізі бар баннерлер мен инсталляциялармен безендірілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәуелсіздік күніне санаулы күн қалды. Алматының көркіне көрік қосқанын қала тұрғындары мен қонақтары да байқаған. Мерейтойлық датаға орай қала әкімдігі бірден бірнеше алаңдарды, даңғылдар мен көшелерге өзгерістер енгізді.

Алаң
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

«Тақырыптық безендіру мерейтойдың сән-салтанатпен өтуін, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді ы, Тәуелсіздік жетістіктері туралы ой қалыптастырып, сүйікті қаламыз бен елімізге деген құрметті білдіреді», - деп атап өтті Алматы әкімдігі мерекелік безендірудің маңыздылығын түсіндіре отырып.

Сәулет-көркем жарықтандыру Республика алаңында, Астана алаңынада, Тұңғыш Президент саябағында, "Медеу" мұз айдынының жанына, "Алатау креатив хаб" ғимаратының алдына орнатылған. Бүкіл қала бойынша мерекелік билбордтар орналастырылған.

тәуелсіздік
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Ұлттық кітапхананың алдында ерекше инсталляция – Тәуелсіздіктің мерейтойлық датасы белгіленген текше пайда болды. Айта кетерлігі, бұл мөлдір текше жай қойылмаған, сәулетшілер оны ежелгі символға бағалайды.

алатау ауданы
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алатау ауданы әкімдігінің алдындағы алаңда киіз үй және шаңырақ түрінде инсталляция орнатылған, ол қараңғыда жарыққа оранып, көрген жанды ерекше күйге бөлейді. Шаңырақтың әр керегесі мемлекеттіліктің қалыптасуындағы белгілі бір кезеңді білдіреді. Композиция заманауи эстетикалық материалдардан жасалған.

Алматы
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Тағы бір мерекелік құрылым Наурызбай ауданы әкімдігінің алдындағы алаңда орнатылды. Ескерткіште қанатты барысты басқаратын «Алтын Адам» бейнеленген, ол Қазақстан жеріндегі берік мемлекеттік билікті бейнелейді.

Арбат
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Әл-Фараби даңғылы, Шығыс айналма жолы және Бұқтырма көшесі тақырыптық безендірілген. Алматы әкімдігі жаңа қалалық безендіру өзектілігін жоғалтпайтынына сенімді, керісінше патриоттық дизайн қала тұрғындарына Отанға деген сүйіспеншілікті еске салады. Бұлардан басқа, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған мерейтойлық инсталляциялар қаланың көрнекі жерлеріне жаңарған әсем көрініс беруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946674-tauelsizdiktin-30-zyldygy-qarsanynda-almaty-qalai-ozgerdi-foto/

pixel