Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да мас күйде жол апатын жасаған полиция қызметкері қамауға алынды

Опубликовано:

Полиция
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Тергеу соты Батыс Қазақстан облысында адам өліміне әкелген жол апатын жасаған полицейді қамауға алуға санкция берді. Ақпаратты өңірдегі полиция департаменті растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Сот екі айға қамауға алуға санкция берді. Алғашқы күннен бастап ұсталған адам қамауға алынды. Тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді ведомстводан.

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы жол апатынан зардап шеккен жеті айлық нәресте облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімінде жатқанын айтты.

"Мен қызыммен бірге ауруханада жатырмын. Жол апатынан зардап шеккен әйелім медициналық мекемеден шықты. Рөлде отырған полиция қызметкерінің ата-анасы менің анамның жерлеуінен кейін келді. Олар кешірім сұрап, ақша ұсынды. Біз кінәлінің әділ жазалануын талап етеміз", - деді жол апатына түскен көліктің жүргізушісі Төрехан Бекжанов.

Еске сала кетсек, 1 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкері Hyundai Accent көлігін тізгіндеп келе жатып, Lada Largus көлігімен соқтығысқан еді. Салдарынан 51 жастағы әйел адам қайтыс болды.

Медициналық сараптама нәтижесінде тәртіп сақшысының мас болғаны анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946706-bqo-da-mas-kuide-zol-apatyn-zasagan-policiya-qyzmetkeri-qamauga-alyndy/

pixel