Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында мұнайшылар отырған вахталық автобус аударылды

Опубликовано:

1
Оқиға орнынан фото: Ақтөбе облыстық ПД

Ақтөбе облысында жүргізуші мен мұнайшылар кетіп бара жатқан "КамАЗ-21099" вахталық автобусы аударылып кетті. Бұл туралы өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

10 желтоқсан күні сағат 17.30-да мұнай өндіретін компаниялардың бірінің вахталық автобусының 60 жастағы жүргізушісі кен орнынан Кеңқияқ ауылы бағытындағы ауыл жолы бойымен 26 шақырып жүріп келе жатып, рөлді басқара алмай қалған.

Салдарынан көлік аударылып кеткен.

Жол апаты салдарынан "КамАЗ" жүргізуші мен алты жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946707-aqtobe-oblysynda-munaisylar-otyrgan-vaxtalyq-avtobus-audaryldy/

pixel