Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

LRT ісі бойынша күдіктілердің қай елде жасырынып жүргені анықталды

Опубликовано:

Астана Лрт
Фото: inbusiness.kz

Атышулы LRT ісінің басты күдіктілері қай елде жүргені белгілі болды. Талғат Ардан Түркияда, ал Қанат Сұлтанбеков АҚШ аумағында екені анықталды, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады. Сот Талғат Арданды қамауға алу үшін сырттай санкция жариялаған. Қазір Түркияның құқық қорғау органдары айыпталушыны ұстау бойынша әрекетке кіріскен.

Ал Қанат Сұлтанбекті қамауға алуға қатысты бірнеше рет өтініш жолданғанымен әзірге нәтиже жоқ. Себебі  АҚШ заңына сәйкес, егер ол көші-қон режимін бұзбаса, халықаралық ордердің болуы оны ұстауға негіз бола алмайды.

Сонымен қатар қылмыскерлерді ұстап беру бойынша екіжақты келісімнің болмауы жағдайды ушықтырып отыр.

Тағы бір жайт, Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбектің аты-жөні Интерпол сайтында жария етілмеуі, олардың дерекқорда жоғын білдірмейді делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946734-lrt-isi-boiynsa-kudiktilerdin-qai-elde-zasyrynyp-zurgeni-anyqtaldy/

pixel