Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мектептерде ата-ананың пікіріне қарамастан балаларға екпе салатыны рас па

Опубликовано:

Қаламмен жазып жатыр
Көрнекі фото: Pexels.com

Танымал қазақстандық Telegram-чатта жаңа бір нормативтік-құқықтық акті туралы ақпарат тарады. Пайдаланушылардың айтуынша, онда мектептерде балаларды ата-аналардың келісімінсіз COVID-19-ға қарсы егетіні туралы норма жазылған. Бұл - жалған, деп хабарлайды Stopfake.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі мұндай нормативтік-құқықтық акті туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Мұндай НҚА жоқ. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды", – деп хабарлады ведомстводан.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін lенсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда балаларды КВИ қарсы вакцинациялау тек ата-аналардың жазбаша келісімімен ғана жүргізілетінін мәлімдеген болатын.

1
Скриншот: Stopfake.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946736-mektepterde-ata-ananyn-pikirine-qaramastan-balalarga-ekpe-salatyny-ras-pa/

pixel