Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазан айынан бері іздеуде жүрген шенеунік қолға түсті

Опубликовано:

Шенеунік
Фото: t.me/afm_rk

Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері қазан айынан бері іздеуде жүрген шенеунікті ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы агенттіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық департаменті іздеудегі аумақтық департаменттің тергеу басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Д.Қайырбеков ұсталды", - делінген хабарламада.

Оған қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.

Қазіргі уақытта күдікті Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946750-qazan-aiynan-beri-izdeude-zurgen-seneunik-qolga-tusti/

pixel