Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тағы екі бағытта Тальго жүрдек пойызы жолға шықты

Опубликовано:

Пойыз
Көрнекі фото: Stopfake.kz

12 желтоқсаннан бастап енгізілген жолаушылар пойыздары қозғалысының жаңа кестесіне сәйкес "Жолаушылар тасымалы" АҚ Тальго пойыздарын екі бағыт бойынша іске қосты. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ ресми Instagram-аккаунты хабарлайды.

Сонымен, Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол станциясынан №603 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Арқалық" жолаушылар пойызы алғашқы рейске шықты. Маршруттың қашықтығы - 609 км, пойыздың жалпы жүру уақыты 12 сағат 49 минутты құрайды.

"Пойыз екі құрамнан құралған және күн сайын қатынайтын болады. Олардың әрқайсысында 348 орындық "Турист" класты, 2 "Бизнес" класты, 1 "Гранд" класты, 1 "Гранд PMR" класты (мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін) вагондары, сондай-ақ вагон-бар және вагон-мейрамхана бар", – делінген ресми хабарламада. ⠀ Тальго вагондарынан құрастырылған екінші №111 пойызы "Алматы-2-Маңғыстау" бағыты бойынша іске қосылды. Пойыздың жалпы жүру уақыты 41 сағат 49 минутты құрайды.

"Пойыз екі құрамнан тұрады және жұп күндері жүреді. Олардың әрқайсысында 324 орындық "Турист" класты вагондар, сондай-ақ вагон-бар және вагон-мейрамхана қарастырылған", – деп қосты компанияда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946810-qazaqstanda-tagy-eki-bagytta-talgo-zurdek-poiyzdary-zolga-syqty/

pixel