Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Қазақстанның алты өңірі "сары" аймақта тұр

Опубликовано:

алматы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, Қазақстанның бес облысы мен бір мегаполисі "сары" аймақта тұр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

14 желтоқсандағы жағдай бойынша, "қызыл" аймақта бірде бір облыс тұрған жоқ.

"Сары" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары "жасыл" аймақта.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте тағы 397 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Олардың дені Қарағанды мен Ақмола облыстарынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946823-koronavirus-qazaqstannyn-alty-oniri-sary-aimaqta-tur/

pixel