Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында шетел азаматтары мәжбүрлі түрде елден шығарылды

Опубликовано:

Құжат
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында 16 шетел азаматы мәжбүрлі түрде елден шығарылды, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Алматы облысында іс-шарасының төрт күнінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 667 құқық бұзушы анықталды. Жеке басын куәландыратын құжатсыз және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ ТМД-ның 29 азаматы қабылдау-тарату орындарына жеткізілді.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдаған 175 қазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 14 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды.

"Заңсыз көші-қон ұйымдастырудың төрт дерегі тіркелді. Мәселен Қарасай ауданының аумағында құрылыс нысанында жеке тұлғадан заңсыз еңбек еткен 13 шетелдік анықталды, жұмыс беруші және көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады Алматы облысы полиция көші-қон қызметі басқармасының бастығы Эльмурат Нурсейітов.

Сондай-ақ “Мигрант” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу аясында оларға қатысты Алматы облысының соттары Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығару туралы шешім қабылдаған 16 шетелдік анықталды. Аталған шетелдіктер мәжбүрлі түрде елден шығарылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946832-almaty-oblysynda-setel-azamattary-mazburli-turde-elden-sygaryldy/

pixel