Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте карантин шаралары жеңілдетілді

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкентте карантиндік шараларды жеңілдету туралы бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қызметкерлер мен келушілердің "жасыл" мәртебесі бар болса, мәдени нысандар әдеттегідей жұмыс істей алады.

Театрлар, кинотеатрлар, концерттік залдар, филармониялар, компьютерлік клубтар, соның ішінде PlayStation клубтары, сондай-ақ цирк 80% толу көрсеткішімен және қызметкерлер мен келушілер "жасыл" мәртебеге ие болған жағдайда жұмыс істей алады.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған шарттарды сақтай отырып, мәдени орындарда дайындықтарды әдеттегідей өткізуге болады.

Бұл ретте қызмет тек 12 жасқа толған және одан жоғары тұлғаларға көрсетіледі. Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946857-symkentte-karantin-zenildetildi/

pixel