Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көңіл-күйім түсті": Атырау облысының әкімі орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Атырау басшысы
Фото: instagram.com/m.dosmukhambetov_online

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов үкімет отырысында өзінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері өңір басшысынан қазіргі уақытта Бақытгүл Хаменованың лауазымдық міндеттерін кім атқарып жатқанын сұрады.

"Хаменованың орнына ешкім отырған жоқ, оның қызметі әкімнің негізгі орынбасарлары арасында бөлінді. Тергеу жүріп жатыр, барлығы тергеуден кейін белгілі болады...

Әзірге тергеу жүріп жатыр. Мен ұсталғаннан кейін онымен сөйлеспедім, олар мені жауап алуға шақырған жоқ. Ұсталғаны туралы жаңалықты естігенде, әрине, көңіл-күйім түсіп кетті ", - деді Махамбет Досмұхамбетов.

Сонымен қатар, облыс әкімі "орынбасары ұсталғаннан кейін отставкаға кетуге дайынсыз ба" деген сұраққа жауап берді.

"Бұл мәселені реттейтін заң бар. Егер маған тікелей бағынышты орынбасарымның бірінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны анықталса, онда заңға сәйкес мен кетуім керек және мен отставкаға беремін. Әрі қарай мемлекет басшысы шешім қабылдайды", - деді Махамбет Досмұхамбетов.

Айта кетейік, облыс әкімінің орынбасары Абай ескерткішіне бөлінген 150 миллион теңгенің 4 жарым миллионын алмақ болды деген күдікпен өткен жұмада қамауға алынған. Онымен қоса, Атырау облыстық мәдениет басқармасының басшысы да ұсталған.

Ал сот Бақытгүл Хаменованың отбасы жағдайын ескере отырып, оны үй қамаққа жіберді. Қазір ескерткіш те дайын. Салмағы бес тонна болатын монумент 16 желтоқсан күні ашылады деп жоспарланған. Қазіргі жайттарға байланысты 27 желтоқсанға шегеріліпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946864-konil-kuiim-tusti-atyrau-oblysynyn-akimi-orynbasarynyn-ustaluyna-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel