Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Фотошоп": Желіде қызу талқыға түскен тудың суретіне қатысты Алматы облысының әкімдігі пікір білдірді

Опубликовано:

Ту
Скриншот: 5region.kz

Алматы облысы Панфилов ауылдық округінің әкімдігі Instagram парақшасында көпқабатты үйдің балконына ілінген суретті жариялады. Алайда фото желідегілердің қызу талқысына түсті. Көпшілік суреттің фотошоп екенін аңғарған. Осы орайда Талғар ауданының әкімдігі мән-жайды түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Панфилов ауылдық округінің әкімдігі желідегі парақшасынан суретті өшіріп тастаған. Бірақ "Пятый регион" басылымы скриншот жасап үлгерген. Себебі тудың орналасуы күмән тудырған.

Журналистер кәсіби дизайнерден көмегіне жүгінген. Маман мұның "фотошоп әрі сапасыз жұмыс" екенін айтқан.

Ту
Скриншот: 5region.kz

Көпшіліктің талқысына түскен фотоға қатысты құрамына Панфилов ауылдық округі кіретін Талғар ауданының әкімдігі өзінің Instagram парақшасында пікір білдірді.

"Ауыл әкімдігі маманының қателігі үлкен жаңалыққа айналды", - деп жазды әкімдік.

Ведомствоның мәліметінше, 10 желтоқсанда Алматы облысында "Терезедегі ту" атты патриоттық акция өткен. Акцияға басқа мемлекеттік мекемелермен бірге, Панфилов ауылдық округі әкімдігі де қатысқан.

"Маман туды балкондарға ілу үшін көпқабатты үйде тұратын бес отбасыдан алдын ала рұқсат сұраған. Тұрғындар қуана келіскен. Алайда, келісілген күні тек бір отбасы ғана үйінде болған. Қалғандары өз шаруаларымен Алматы қаласы мен қала сыртына жанұясымен демалуға кетіп қалған.

Осылайша, маман тек бір туды ғана іле алған. Содан кейін Instagram парақшаға жарияламас бұрын, басқа тұрғындар рұқсат еткен соң, балкондарына тудың суретін салған. Бірақ, көп кешікпей сол күні суретті өшіріп тастаған", - дейді ведомстводан.

Әкімдіктің мәліметінше, қысқа уақыт ішінде тұрғындардың бірі суреттің скриншотын алып, артынша фото желіде қызу талқыға түскен.

Сонымен қатар, әкімдік маманның әрекетінде ешқандай заңбұзушылық жоқ екенін және оның ойында туды қорлау болмағанын атап өтті.

"Ол өз қателігін түсініп, суретті өшірген", - дейді ведомство.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946931-fotosop-almaty-oblysynda-balkonga-ilingen-tudyn-sureti-zelide-qyzu-talqyga-tusti-foto/

pixel