Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

16 желтоқсанда Алматыда мерекелік отшашу қай жерде болады

Опубликовано:

Отшашу
Көрнекі фото: piqsels.com

Алматыда 16 желтоқсан күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған мерекелік отшашу болады. Бұл туралы қалалық мәдениет басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық мәдениет басқармасының мәліметінше, мерекелік отшашу "Астана" алаңында (ҚБТУ ғимаратына қарама-қарсы) сағат 21.00-де басталады.

Одан бөлек, мерекеге байланысты қалада 110-нан астам түрлі іс-шаралар өткізілмек.

Мысалы, 15 желтоқсанда №1 Оқушылар үйінде "Жаса, қазақ елі" концерті өтеді, сол күні Н. Сац атындағы мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрында мәдениет және өнер өкілдерінің қатысуымен "Тәуелсіздік игілігі үшін еңбек" атты іс-шара ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, Сайран көлінің жағасында жастардың қатысуымен эко-акция өтеді.

16 желтоқсанда "Тұран" университеті флешмоб ұйымдастырады, ал Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында "Абылай хан" операсының премьерасы көрсетіледі.

Тәуелсіздік күні Ұлттық кітапханада "Тұғыры биік Тәуелсіздік" атты іс-шара өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946944-16-zeltoqsanda-almatyda-merekelik-otsasu-qai-zerde-bolady/

pixel