Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Соғыс кезінен қалғаны да бар: Петропавлда коллекционер 40-тан астам мотоцикл жинаған

Опубликовано:

Мотоцикл
Фото: Алматы телеарнасы

Петропавл қаласының тұрғыны Илья Загола мотоциклдерді жинап, сақтаумен айналысады. Қазір оның гаражында мотоциклдің 40-тан астам түрі бар. Коллекционер үшін оның әрқайсы қымбат, әрқайсының өзіндік тарихы бар. Арасында жарты ғасырдан артық қолданыста болған мотоцикл де кездеседі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Илья Заголаның мототехникаға деген әуестігі бала кезінен басталған. Уақыт өте келе ол мотоциклдердің коллекциясын жинай бастаған.

Қазір оның гаражында Беларусь пен Ресейден және еліміздің басқа да қалаларынан әкелінген мотоциклдің түр-түрі бар.

"Қазір мен Харли Девидсон ВЛА 42 мотоциклін жетілдірумен айналысып жүрмін. Бұл көлік Екінші дүниежүзілік соғысты өткерген. Ол америкалық өнім. КСРО-ға Америка тарапынан көрсетілген көмек ретінде жеткізілген. Мен оны 10 жыл бұрын Өскемен қаласынан алып келдім. Оның қозғалтқышын қалпына келтірдім, бөлшектерін Америкадан сатып алып жатырмын", – дейді ол.

Мотоцикл коллекциясын жинау сүйікті ісі болғандықтан, Илья олардың әрбіріне ұқыптылықпен қарап, баптайтынын айтады. Тіпті, мотокөліктер тізілген гаражы тұрғындардың жиі келетін орнына айналған.

Қала жұртшылығынан бөлек, шетел азаматтары да келіп, таңданысын жасыра алмайтын көрінеді.

"Мұнда пандемия басталмай жатып көп адам келетін. Көбінесе мотоцикл тізгіндейтіндер, шетелдіктер. Менің досым байкер, өзім де байкермін, осында жиі уақыт өткіземіз. Шетелдіктер мен Ресейден келгендер таңданып жатады", – дейді Илья Загола.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946951-sogys-kezinen-qalgany-da-bar-petropavlda-kollekcioner-40-tan-astam-motocikl-zinagan/

pixel