Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы қаза тапты

Опубликовано:

1
Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің басшысы Серік Мәженов қайтыс болды. Бұл ақпаратты экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"14 желтоқсан күні сағат 09.30 шамасында Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында Ақжайық ауылынан 10-12 шақырым жерде БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Серік Сағындықұлы Мәженов (02.07.1977 ж.т.) қаруды абайсыз қолдану салдарынан қайтыс болды", - деп хабарлады экология министрлігі.

Ведомство қайтыс болған әріптесінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.

"Серікті жеке танимын. Ол өте адал әрі жақсы адам еді. Бұл салада 15 жыл жұмыс істеді. Орны толмас қайғы. Иманды болсын",- деп жазды қазақстандық экобелсенді Сәкен Ділдахмет өз Facebook парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1946966-bqo-orman-saruasylygy-zane-zanuarlar-duniesi-aumaqtyq-inspekciyasynyn-bolim-bassysy-qaza-tapty/

pixel