Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да орман шаруашылығы инспекторының өліміне қатысты тың дерек пайда болды

Опубликовано:

Серік Мәженов
Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің басшысы Серік Мәженовтің өліміне қатысты тың дерек ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 14 желтоқсан күні сағат 07.30-да Теректі ауданының Ақжайық ауылынан 15 шақырым жерде Бударин қорықшасында 44 және 45 жастағы үш ер адам аң аулаған.

"Қаруды қайта қуаттау кезінде 44 жастағы ер адам абайсызда оқ атқан, нәтижесінде оқ 1977 жылы туған басқа адамға тиген. Артынша аңшылар зардап шеккен азаматты Ақжайық ауылының орталық аудандық ауруханасына өз күшімен жеткізген. Ол қайтыс болды.

Аталған факті СДТБТ-де тіркелді. Қылмыстық кодекстің 104-бабы (Абайсызда қазаға ұшырату) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде", - деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946967-bqo-da-orman-saruasylygy-inspektorynyn-olimine-qatysty-tyn-derek-paida-boldy/

pixel