Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министрлік зейнетақы жинақтарын пайдалану мерзімін қысқарту себебін түсіндірді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pxhere.com

Құрылыс және ТКШ істері комитеті БЖЗҚ-дан жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалану мерзімін қысқарту туралы шешімнің неліктен қабылданғанын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство дерегінше, Ұлттық банк Отбасы банктегі шоттарда зейнетақы жинақтарының болу мерзімін 45-тен 20 жұмыс күніне дейін қысқартуды ұсынған. Өйткені, растайтын құжаттар болмаған кезде салымшылар БЖЗҚ-дан төлемдерді бірнеше рет алып, қайта қайтарған.

Бұл ретте БЖЗҚ-да төлемдерді бірнеше рет қайтару салдарынан ай сайынғы зейнетақы төлемдерін есептеуде және аударуда проблемалар туындап жатыр, себебі зейнетақы жинақтарының қалдығы үнемі өзгеріп отырады.

Бұл шара салымшылардың зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету және көбейту, сондай-ақ төлемдердің қайтарылуын барынша азайту үшін қабылданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946971-ministrlik-zeinetaqy-zinaqtaryn-paidalanu-merzimin-qysqartu-sebebin-tusindirdi/

pixel