Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада жасөспірімдер театр күзетшісін соққыға жықты

Опубликовано:

Балалар
Фото: КТК

Елорданың "102" нөміріне кәмелет жасына толмағандардың Қонаев көшесінде театр күзетшісін соққыға жыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды КТК арнасы.

Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында 14-16 жастағы жасөспірімдердің сағат 18:30 шамасында театр жанындағы алаңға келіп, скейт тепкені анықталды. Театр күзетшісі балалардың жанына келіп, оларға ескерту жасаған. Жасөспірімдер күзетшінің сөзіне құлақ аспай, оны балағаттап жіберген.

Сол кезде ер адам олардың бірінің сөмкесі мен скейтін қолына алып, полицияны шақырмақ болған. Жасөспірімдер оны жан-жақтан соққыға жыққан.

"Есіл" аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушыларын полиция бөліміне жеткізді. Қазіргі кезде аталған факті бойынша "Бұзақылық" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Кәмелеттік зжасқа толмағандар полицияның арнайы есебіне алынды. 

Олардың ата-анасына қатысты Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 127-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті ата-аналарды балаларының жүріс-тұрысын қадағалап, заңға қайшы әрекеттерді жасау үшін артылатын жауапкершілікті түсіндіру қажеттігін ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1946974-elordada-zasospirimder-teatr-kuzetsisin-soqqyga-zyqty/

pixel