Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

WhatsApp мессенджерінде пайдаланушылар үшін қолайлы функция іске қосылмақ

Опубликовано:

Ватсап
Көрнекі фото: pixabay.com

Танымал WhatsApp мессенджерінде қолданушылар үшін қолайлы жаңа функция іске қосылмақ, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы қосымшаның Twitter парақшасында хабарланды.

"Әзірге дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Енді сіздер "Жіберу" тетігін баспас бұрын, өздеріңіздің дыбыстық хабарламаларыңызды алдын ала тыңдай аласыздар", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін WhatsApp-та хабарламаларды автоматты түрде өшіруге болатын функция іске қосылатынын жазған едік.

Енді баптауларда жаңа чаттардағы хабарламалар жіберілгеннен кейін 24 сағаттан, бір аптадан немесе 90 күннен соң автоматты түрде жойылатын опцияны іске қосуға болады.

Мерзімін әркім өз қалауынша көрсете алады. Алайда бұл өзгеріс ескі және топтық чаттарға енгізілмейді.

Сонымен бірге, WhatsApp мессенджерін құрастырушылар компьютерге арналған "WhatsApp UWP" деп аталатын жаңа қосымша әзірлеп жатқаны хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946979-whatsapp-messendzerinde-qoldanusylar-usin-qolaily-funkciya-iske-qosylmaq/

pixel