Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Нұр-Сұлтан қаласы "жасыл" аймаққа өтті

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы "сарыдан" "жасыл" аймаққа өтті, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы.

15 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:

  • "қызыл" аймақта ешбір өңір жоқ;
  • "сары" аймақта Ақмола, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары;
  • "жасыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

Айта кетсек, өткен тәулікте 488 адамнан коронавирус анықталды. Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 980 860-қа жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 921 адам дерттен жазылып шыққан.

Қазір еліміде 20 376 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Олардың ішінде 3 786 пациент стационарда, 16 590 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

308 адамның жағдайы ауыр, 80 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда, 65 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946993-koronavius-nur-sultan-qalasy-zasyl-aimaqqa-otti/

pixel