Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент әуежайына "бомба қойылды" деген ақпарат жұртты дүрліктірді (видео)

Опубликовано:

Әуежай
Видеодан кадр: instagram.com/smotra_shymkent

Әлеуметтік желіде Шымкент әуежайына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат пайда болды. Оқиға орнына барған арнайы қызметтің қызметкерлері аймақты қоршауға алып, адамдарды эвакуациялады. Бұл жайтқа қатысты ІІМ көліктегі полиция департаменті пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға 15 желтоқсан күні таңертең болған. Белгісіз біреулер Шымкент әуежайына "бомба қойылды" деп хабар берген.

NUR.KZ тілшісінің мәліметінше, арнайы қызмет тексеріс жүргізген. Нәтижесінде жарылғыш зат табылмаған. Адамдарды қайтадан әуежайға кіргізген.

Оқиғаға қатысты ІІМ көліктегі полиция департаменті пікір білдірді.

"Аталған факті Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тексеру жүріп жатыр. Қазіргі уақытта әуежай штаттық режимде жұмыс істеуде", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Құзырлы орган тергеу мүддесіне сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947041-symkent-auezaiyna-bomba-qoiyldy-degen-aqparat-zurtty-durliktirdi-video/

pixel