Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жол бойындағы автобустардың жарысы көпшіліктің ашуына тиді (видео)

Опубликовано:

1
Видеодан кадр: instagram.com/kris.p.almaty.official

Алматы тұрғындары қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол бойындағы әрекетіне шүйлікті. Қос жүргізуші жолды бөлісе алмай, өз ара жарыс ұйымдастырған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жарысқан автобус жүргізушілерінің видеосы Instagram желісіндегі kris.p.almaty.official парақшасында пайда болды.

Кадрдан №71 және №33 бағыттағы автобус жүргізушілерінің жолда "бәйге" ұйымдастырып, бір-бірінен озып кетуге тырысқанын байқауға болады.

Ал бұл сәтті басқа авто жүргізушісі видеоға түсіріп алған.

"Не істеп жатыр? Не деген бәйге? Бұл қоғамдық көлік емес пе? 30 минут өткізбеді, кептеліс болды", - дейді ролик авторы.

Алматылықтар ашуға булыққан видео авторын қолдады. Олар қоғамдық көлік жүргізушілерін жауапқа тарту керек деген ойда.

"Оларды жан-жағында көліктер тұр, салонда адамдар отыр деген ой қызықтырмайды", "Осындай жүргізушілер шаршатты. Қазір жаяу жүргіншілер бөлігіндегі бір жолақ түгелдей қоғамдыққа көлікке берілді. Олар сонда да жалпы қозғалыс жолағына шығып жарысады", "Екеуін де жүргізуші құқығынан айыру керек", - деп жазды желі қолданушылары.

Бұған қатысты Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов пікір білдірді. Ол ақпаратты полицейлер тексеретінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947056-almatyda-zol-boiyndagy-avtobustardyn-zarysy-kopsiliktin-asuyna-tidi-video/

pixel