Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Афинада Қазақстанның мемлекеттік туын салтанатты көтеру рәсімі өтті

Опубликовано:

көк ту11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Грекия астанасы Афинада Қазақстанның мемлекеттік туын көтеру рәсімі өтті. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шараға Грекия Республикасының сыртқы істер министрі Никос Дендиас, Аттика өңірінің Губернаторы Георгиос Патулис, Грекия парламентінің депутаттары, астаналық муниципалитеттердің мэрлері, сондай-ақ іскерлік және академиялық топтардың өкілдері қатысты.

СІМ ақпаратына сүйенсек, Грекия сыртқы саясат ведомствосының басшысы Никос Дендиас өз сөзінде қазақстандықтарды тәуелсіздіктің мерейтойымен құттықтап, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дамуындағы оң динамиканы атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947094-afinada-qazaqstannyn-memlekettik-tuyn-saltanatty-koteru-rasimi-otti/

pixel