Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде кредиттік амнистия жариялана ма: Әбілқасымова нақты жауап берді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pxhere.com

Қазақстанда кредиттік амнистия жариялана ма? Бұл сауалға қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін әлеуметтік желіде қазақстандықтардың кредиті кешіріледі деген қауесет тараған еді. Осыдан кейін, Әбілқасымова үш күн ішінде агенттікке 18 мың өтініш түскенін жасырмады. Оның ішінде борышты қайта құрылымдау және кешіру бар. Ведомство барлық өтінішті қабылдап, өңдеп, әрі қарай қарау үшін қаржы ұйымдарына жіберген.

"Біз халықпен бірнеше рет кездесіп, кабинеттерде қабылдадық. Бұл тек соңғы күндері ғана емес, адамдар бірнеше апта бойы келді. Мамай (Жанболат – ред,) тағы да жалған ақпарат таратты", - деді Әбілқасымова мәжіліс кулуарында.  

Оның сөзінше, қазіргі кезде Қазақстанда кредиттік рақымшылық жүргізу мүмкіндігі қарастырылып жатқан жоқ. 2019 жылы біржолғы акция ретінде жарияланған амнистия қайталанбайды.

Ол биыл мамыр айында қазақстандықтардың берешегін азайтуға септігін тигізетін заң қабылданғанын еске салды. Оған сәйкес, 1 қазаннан бастап проблемалық қарызды сотқа дейін міндетті реттеудің жаңа тәртібі қолданылады.

"Банктер мен микроқаржы ұйымдары қаржылық қиындыққа тап болған азаматтың өтінішін қарастырып, оған түрлі жеңілдіктер ұсынуға міндетті", - деді Әбілқасымова.

Егер қаржы ұйымдары азаматтың қаржылық жағдайы нашарлағанын байқаса, олар кредит беру кезінде оның төлем қабілеттігін бағалап, несие пайызын төмендетуді және кейінге шегеруді ұсынуға тиіс. Сонымен қатар банк айыппұл мен өсімпұлды кешіре алады.

"Біз өткен аптада және оған дейін түскен барлық өтінішті міндетті түрде банктерге жолдаймыз. Олар қарап, әрбірі бойынша жеке шешім қабылдайды", - деп түсіндірді агенттік төрағасы.

Агенттік басшысының сөзінше, кредиттік амнистия мәселесі тек мемлекеттік қаржы, салық төлеушілердің ақшасы есебінен шешіледі.

"Банктерде жеке тұлғалардың 12 триллион теңге депозиті бар. Олар соған қызмет көрсетіп, үстіне пайыз төлейді. Қандай да бір кредитті кешірген жағдайда банктердің қаржы тұрақтылығы, әрине, бұзылады", - деді Әбілқасымова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947098-elimizde-kredittik-amnistiya-zariyalana-ma-abilqasymova-naqty-zauap-berdi/

pixel