Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевтың арнайы өкілі АҚШ-қа барды: Вашингтонда Қазақстан туын шатастырып алған

Опубликовано:

Узра Зея мен Ержан Қазыхан
Узра Зея мен Ержан Қазыхан. Фото: Ақорда

Қазақстан президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыханның АҚШ-қа жұмыс сапары аясында Вашингтондағы кездесуде Қазақстанның мемлекеттік туы ауысып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақ үйдің, Мемлекеттік департаменттің және АҚШ Конгресінің ресми өкілдерімен өткен келіссөздер екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылауға, бірқатар халықаралық проблема бойынша, оның ішінде аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтауға, пандемияға қарсы іс-қимыл және климаттың өзгеруіне қарсы күреске бағытталған мәселелер бойынша пікір алмасуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Арнаулы өкіл Қазақстандағы саяси және экономикалық реформаларға қатысты мәселеге ерекше назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан мен Вашингтон арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі жандандыру жөнінде нақты келісімдерге қол жеткізілді.

"АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары мәселелері жөніндегі орынбасары Узра Зея Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың адам құқықтары мен бостандықтарын, заң үстемдігін жан-жақты қамтамасыз етуге және мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жандандыруға бағытталған реформаларының тиімді іске асырылып жатқанына қолдау білдірді.
Тараптар 2022 жылы Адам құқықтары бойынша жоғары деңгейдегі екіжақты диалогты бастау туралы уағдаластыққа қол жеткізді", – делінген мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетерлігі, Зея мен Қазыханның бірлескен суретінде АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Америка туының фонында, ал Қазақстан президентінің арнайы өкілі өзге тудың алдында тұрғаны байқалады.

Яғни, Тоқаевтың арнайы өкілі Қазақстанның емес, болжам бойынша Түркияның жалауының фонында суретке түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947102-toqaevtyn-arnaiy-okili-aqs-qa-bardy-vasingtonda-qazaqstan-tuyn-satastyryp-algan/

pixel