Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараз әкімінің экс-орынбасары Грузияда ұсталды

Опубликовано:

Бұрынғы шенеунік
Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Халықаралық іздеуде жүрген Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қайсар Сарытай Грузияда қолға түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл ақпаратты сыбайлас жемқорлыққы қарсы қызмет агенттігі Телеграм арнасындағы парақшасында жариялады.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық қудалау органынан жасырынған адамдарды іздестіруге ерекше назар аударады. Олардың көпшілігі қазақстандық сот төрелігі үшін қолжетімсіз болу шараларын қабылдайды және елден тыс жерлерде жасырынып жүр.

Мысалы, Жамбыл облысы бойынша аумақтық департамент қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағының, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігімен Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қайсар Сарытайға халықаралық іздеу жариялады.

Халықаралық ынтымақтастық аясындағы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Грузияның құқық қорғау органдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол ҰОБ – мен бірлесіп К.А.Сарытай Грузия аумағында ұсталып, қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта бұрынғы шенеунікті Қазақстан Республикасына экстрадициялау рәсімі жүзеге асырылып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947104-taraz-akiminin-eks-orynbasary-gruziyada-ustaldy/

pixel