Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент: Желтоқсан қаһармандары Тәуелсіздікті бір табан жақындатқаны анық

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында Желтоқсан оқиғасының қаһармандары туралы сөз қозғады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан президентінің сөйлеген сөздері Ақорданың Twitter-дегі ресми парақшасында жарияланды.

"Кешегі Желтоқсан қаһармандары Тәуелсіздікті бір табан жақындатқаны анық. Асқар тау алыстаған сайын асқақ көрінеді. Біздің бабаларымыз қазақтың дербес мемлекет құрып, еркін өмір сүруге құқылы екенін тарих алдында дәлелдеді.
Мыңжылдықтар тоғысатын тұста Азаттық туы көгімізде желбіреді. Ұлттың ең ұлы мұраты – Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Сол сәттен бастап Қазақ елінің ұлы көші болашаққа бет түзеді. Халқымыз өз мемлекетін құруға кірісті. Бұл – тарихи әділдіктің орнауы. ", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947125-toqaev-zeltoqsan-qaharmandary-tauelsizdikti-bir-taban-zaqyndatqany-anyq/