Назарбаевтың суреті бейнеленген монеталар айналымға шығады

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Қазақстан Ұлттық Банкі TÁÝELSIZ QAZAQSTANǴA 30 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы қаржы ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық банктің мәліметінше, номиналдары 5 000 және 500 теңгелік күмістен және номиналы 100 теңгелік мельхиордан жасалған монеталар "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясын жалғастырмақ.

TÁÝELSIZ QAZAQSTANǴA 30 JYL монеталарының дизайны біртуар тарихи тұлғалардың портреттік бейнелері орналастырылған тәуелсіз Қазақстанның 1993 жылғы үлгідегі банкноттарының бірінші сериясымен символдық байланысын көрсетеді.

Монеталарда қазақ тарихында өзіндік қолтаңбасы бар тұлғалардың суреті бейнеленген. Олардың қатарына Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бар.

Композиция визуалды портреттік қатарды аяқтап, мемлекет тарихындағы мерейтойлық кезеңді логикалық түрде білдіреді.

Монеталардың басты бетінде номиналы, ұлттық банктің логотипі мен монетаның металын, сынамасын және массасын білдіретін жазу орналасқан.

Айналдыра – QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY • REPUBLIC OF KAZAKHSTAN жазуы бар.

Монеталардың екінші бетінде – Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы, Қазақстан Республикасының картасы, портрет қатары, қазақ киіз үйінің (басқұр) декоры түрінде орындалған ою-өрнек таспасы және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеудің ресми логотипі көрініс тапқан.   

Қаржы
Фото: Ұлттық Банк

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947141-nazarbaevtyn-sureti-beinelengen-monetalar-ainalymga-sygady/