Тәуелсіздік күнінде еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Опубликовано:

Қар
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

16-18 желтоқсанда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. 17-18 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

16 желтоқсанда Маңғыстау облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында және орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

16 желтоқсанда Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

16 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі.

Шымкент қаласында 16 желтоқсанда түнде тұман күтіледі.

16 желтоқсанда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с күтіледі.

16 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Күндіз 16 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.

16 желтоқсанда Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облысының оңтүстігінде, батысында 15-20 м/с.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947161-tauelsizdik-kuninde-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldy-eskertu-zariyalandy/