Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте алаяқ тұрғынды "жәрдемақы шығарып беремін" деп алдап кеткен

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкент тұрғыны алаяққа алданып, миллион теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғаны туралы жүгінген.

Арызданушының айтуынша, оған алыс танысы мемлекет тарапынан миллион теңге көлеміндегі жәрдемақыны шығарып беремін деп сендірген. Алдымен құжаттарды жасау үшін 200 мың теңге қажеттілігін айтып, қаражатты есепшотына аудартып алған. Алайда не уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармай "ізін суытқан".

Тәртіп сақшылары аталған деректі Қылмыстық кодекстің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеуге алды. Аталған алаяқтық жайтын ашу мақсатында Абай АПБ-ның тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды.

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, азаматшаның жеке-басын анықтап, оны басқармаға жеткізді. Ол 28 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Белгілі болғандай, полиция қызметкерлері ұсталған әйелдің арыз иесінен алған қаражатты өзінің қажеттілігіне жаратып жібергенін анықтады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947166-symkentte-alayaq-turgyndy-zardemaqy-sygaryp-beremin-dep-aldap-ketken/

pixel