Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Соңғы дерек: Қазақстанның бір өңірі "сары" аймақтан "жасылға" өтті

Опубликовано:

Фото
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, Қостанай облысы "сары" аймақтан "жасылға" ауысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

16 желтоқсандағы жағдай бойынша, "қызыл" аймақта бірде бір облыс тұрған жоқ.

"Сары" аймақта Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары "жасыл" аймақта.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте тағы 575 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Олардың дені Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947183-songy-derekter-syqty-elimizdin-us-oniri-sary-aimaqta/

pixel